Жарыстың екінші күнінде кілемге шыққан бес балуан жүлдесіз қалды, деп жазады Olympic.kz.
61 келіде белдескен Дәулет Тәжібай, 74 келідегі Дархан Есенғали, 86 келі салмақтағы Дәулетқазы Есқали, 92 келідегі Шамиль Магомедов және 125 келідегі Юсуф Батырмырзаевтар жеңіліс тапты.
Бүгін Дәулет Тәжібай, Дархан Есенғали және Юсуф Батырмырзаев жұбаныш белдесуінде сынға түседі.
Ал 97 келіде күрскен Серік Бақытханов қола жүлде үшін өткен кездесуде украиналық балуанға 1:4 есебімен жол беріп, әлем біріншілігін бесінші орынмен аяқтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу