Серік Бердімұратұлы дзюдодан Моңғолияның чемпионы атанды

1218

Серік Бердімұратұлы 2017 жылы Астанада өткен "Әлем барысына" қатысып, жартылай финалға дейін жеткен еді. 

Серік Бердімұратұлы дзюдодан Моңғолияның чемпионы атанды

Қандасымыз Серік Бердімұратұлы дзюдодан Моңғолияның чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат kaznews.mn сайтына сілтеме жасап.

Сүхбаатар қаласында ерлер мен әйелдер арасындаға дзюдо күресінен өткен Моңғолия чемпионатының екінші күнгі жарысы аяқталды. Додада – 100 келі салмақта белдескен Серік Бердімұратұлы тұғырдың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, алтын медальмен марапатталды.

Серік Бердімұратұлы жартылай финалда 2017, 2018 жылғы ел чемпионы Г.Алтанабагананан басым түсіп, ақтық сында қарсыласы Д.Цэрэннямды вазари ұпайымен жеңді.

Айта кетерлігі, Серік Бердімұратұлы 2014 жылы дәл осы салмақта Моңғолия біріншілігінің күміс жүлдесіне, 2017 жылы қола жүлдесіне ие болған болатын. Ол Баян-Өлгейде дүниеге келген. Ол спортпен он жасынан бері шұғылданады.  Сумо, самбо, моңғол күресі және дзюдомен айналысады. Көптеген жарыстардың жеңімпазы. Сумодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы.

Еске салсақ, Серік Бердімұратұлы 2017 жылы Астанада өткен "Әлем барысына" қатысып, жартылай финалға дейін жеткен еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу