Серік Егізбаев жаңа қызметке тағайындалды

850

ҚР Үкіметінің қаулысымен Серік Рахметоллаұлы Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Серік Егізбаев жаңа қызметке тағайындалды

Серік Егізбаев 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — ғалым агроном, мемлекеттік қызмет менеджері, заңгер.

Еңбек жолын Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысындағы "Чапаев" асыл тұқымды мал зауытында жұмысшы болып бастаған.

1986 жылдан 1990 жылға дейін өңірдің комсомол ұйымдарында әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

1990-1997 жылдары — Орал облыстық Қазақстан Жастар одағының хатшысы-идеологиялық бөлімінің меңгерушісі, Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан Жастар одағының бірінші хатшысы.

1997-1998 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде бас инспектор және ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.

2000 жылдан 2001 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігінің Ұйымдастыру және кадр жұмысы департаментінің бөлім басшысы болып жұмыс істеген.

2001-2007 жылдары ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі қызметтер атқарған.

2007-2016 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2016 жылғы қазанда ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды. 2017 жылғы наурызда — "Қазақстан" РТРК басқарма төрағасының өңірлік даму жөніндегі орынбасары.

2019 жылдың қыркүйек айынан 2021 жылдың ақпан айына дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Осы жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы болып жұмыс істеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу