Серік Күдебаев Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан ресми жұмыс істеп тұрған бекеттер арқылы өтпеген. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"ҰҚК Шекара қызметі азамат Серік Мырзақұлұлы Күдебаевтың (01.01.1965ж.т.) ресми жұмыс істеп тұрған өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтпегенін хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Бүгінгі күні шектес мемлекеттердің шекара өкілдері аппаратымен өзара іс-қимылда тексеру тағайындалды.
Тексеру нәтижесі қосымша хабарланатын болады", - деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу