Серік Күдебаев ауруханаға түсті: сот кейінге шегерілді

978

Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы кейінге шегерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Серік Күдебаев ауруханаға түсті: сот кейінге шегерілді Фото: Informburo.kz

Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров айыпталушының ауруханаға түсіп қалуына байланысты сот отырысы кейінге қалғанын мәлімдеді.

Бұған дейінгі сот отырысында прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын.

Айта кетейік, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталған болатын.

Еске салсақ, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді. Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

2022 жылдың 18 ақпанында ол ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу