Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізіледі

614

Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы 3 сәуірге таңғы сағат 10:00-ге шегерілгені хабарланды.  

Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізіледі Фото: ktk.kz

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев сот отырысына келуден бас тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сотталушының сот отырысына келмеуіне байланысты сотталушының дәлелді себептерін растайтын мәліметтер жоқ. Соған байланысты Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 157 және 335-баптарына сәйкес сот Күдебаевты көрсетілген уақытқа мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарды", - делінген сот хабарламасында.

Бұған дейін сот отырысы айыпталушының ауруханаға түсуіне байланысты бірнеше мәрте кейінге қалған болатын. Прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Айта кетейік, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталған болатын.

Еске салсақ, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді. Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

2022 жылдың 18 ақпанында ол ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу