Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың апелляциялық шағым түсіргенін хабарлады.
"Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағымды қарау 29 маусым күні сағат 15:00-де Жетісу облыстық сотында өтеді", - деп жазылған хабарламада.
2023 жылы 28 сәуірде Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ол қаңтар оқиғасы кезінде қызметін асыра пайдаланды деп айыпталған. Кейін сотқа келмей, елден қашып кетті деген ақпарат тарады. Құқық қорғау органдары оны Түркиядан тапты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу