Серік Күдебаевтың елден қашып кетуіне байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр

536

ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту мүмкіндігін анықтау мақсатында қызметтік тексеруді бастады. 

Серік Күдебаевтың елден қашып кетуіне байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр Фото: NUR.KZ

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Мәжіліс кулуарында журналистердің генерал Серік Күдебаевтың республикадан қашып кетуі туралы сұрақтарына жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Күдебаев мырза мемлекеттік шекараны ресми өткізу пункттері арқылы кесіп өтпеді. Оның Қырғызстанға немесе басқа елдерге кетуі мүмкін екендігі туралы ақпараттың түсуіне байланысты шекара қызметі мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуі мүмкін жерді анықтау үшін қызметтік тексеруді бастады", - деді ол. 

Осыған дейін сотта 23 наурыз күні Серік Күдебаевтың Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өтіп, Бішкектегі "Манас" әуежайынан Түркияға ұшып кеткені туралы айтылған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу