Серік Күдебаевтың соты Талдықорғанда өтпейтін болды

2146

Бірақ экс-генералдың соты қай облыста өтетіні белгісіз.  

Серік Күдебаевтың соты Талдықорғанда өтпейтін болды Фото: Ашық дереккөзден

Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев шетелге басқа облыстан қашқандықтан, оның соты Жетісу облысында болмайды. Бұл туралы өңір прокуроры Мадияр Басшыбаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Бұл қылмыс Жетісу облысының территориясында емес, басқа өңірде орын алған. Сондықтан іс сол жақта зерттелуде. Неғұрлым сенімді ақпарат алу үшін ресми сауалмен сол өңірдің прокурорына жүгінулеріңіз қажет", - деді Мадияр Басшыбаев.

Бірақ прокурор экс-генералдың соты қай облыста өтетінін нақтылаған жоқ.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу