Серік Сәпиев алдағы жоспарымен бөлісті

996

Серік Сәпиев жақында Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағалығынан кетті.

Серік Сәпиев алдағы жоспарымен бөлісті

Бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің экс-төрағасы Серік Сәпиев бұдан былай Ұлттық Олимпиада комитетінде жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Сапиев 2014 жылы спорт менеджері болып, қызметтік мәнсабын бастады. Ол Astana Arlans жартылай кәсіби бокс клубының бас директоры болды және клубтың басшысы ретінде Бүкіләлемдік бокс сериясында екі рет табысқа қол жеткізді.

2017 жылғы 28 ақпаннан бастап ресми түрде Парламент Мәжілісінің депутаты болды. Бір жылдан кейін өз еркімен отставкаға кетіп, Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болды. 

Алайда биылғы Қазақстан құрамасы үшін ең сәтсіз жазғы Олимпиададан кейін (жалпы командалық есепте 83-орын) Сапиев отставкаға кетті.

"Мемлекеттік қызметтен кету туралы бұрыннан ойлап жүретінмін. Өмірде әр нәрсенің бастауы мен аяғы болады. Мемлекеттік қызметтің не екенін түсініп, зор тәжірибе жинадым. Оған қайтып оралуым мүмкін, бірақ дәл қазір кетуге бел байладым. Дегенмен спорт саласында қаламын, елге пайда тигізуді ойлаймын", – деді Сәпиев YouTube-те берген сұхбатында.

"Мәдениет және спорт министрі менің кететінімді білді. Өйткені мен бұған дейін бұл мәселені көтердім. Алда Ұлттық Олимпиада комитетінде жұмыс істеймін", – деді комитеттің бұрынғы басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу