Серік Сәпиев: ешқандай сыртқы күш қазақстандықтарды жасыта алмайды

899

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев елдегі соңғы оқиғаларға қатысты пікір білдірді. 

Серік Сәпиев: ешқандай сыртқы күш қазақстандықтарды жасыта алмайды

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланғаннан кейін, Қазақстанның бұрынғы даму бағытын сақтап қалуы керектігін атап кетті, деп жазды olympic.kz.

"Қазір әлемде, тіпті кейбір көршілерімізде тұрақсыздықтың, кейде ел басшылығының өзгеруімен қатар жүретін өте күрделі қақтығыстардың бар екенін көріп отырмыз - мұның барлығы кедейлікке,  адам өмірін көптеген жылға нашарлатуға әкеледі. Қазақстанда билік қоғамдық келісімге, көпвекторлы сыртқы саясатқа және егемендікті сақтауға негізделген басты бағытымызды сақтай отырып бейбіт ауысты. Жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты жоғары бағалаймыз, оған сенім артамыз. Егер өзіміз бірлікте болатын болсақ, онда бізді ешқандай сыртқы күш жасыта алмайды", – деді Серік Сәпиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу