Серік Сәпиев қызметінен босатылды

809

Бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап.

 Серік Сәпиев қызметінен босатылды

"Сәпиев қызметінен өз еркімен кету туралы арыз жазды", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Серік Сәпиев комитетті 2019 жылдан бері басқарды. Оған дейін "Nur Otan" партиясының атынан Парламент Мәжілісінің депутаты болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу