Серік Сәпиев Мәжілістің депутаты атанды

1119

Серік Сәпиев Мәжілістің депутаты атанды

Олимпиада чемпионы, былғары қолғап шебері Серік Сәпиев Мәжілісінің депутаты атанды. Бұл туралы ақпаратты Орталық сайлау комиссиясы жария етті.

"28 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының отырысында  "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 46-, 97-1 және 98-баптарына сәйкес "Нұр Отан" партиясының Саяси кеңесі бюросының қаулысы негізінде Серік Жұманғалиұлы Сәпиевті Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты етіп тіркеу туралы шешім қабылданды", – делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы   Б. Имашев Серік Сәпиевке ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының куәлігі мен омырауға тағатын белгісін тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу