ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Серік Сапиев шағын-футбол бойынша өткен жарыс жеңімпазы - Елорда полиция департаментінің құрамын құттықтады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі атынан осы қызметтің басшысы Ержан Саденовке Кубок пен арнайы алғыс хатты табыстады.
Шағын футболдан өткен турнирге 40 команда қатысып, 8 команда ақтық сынға өтті. Олардың қатарында Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті де бар. Бірінші орыннан бөлек, Полиция Департаментінің аға лейтенанты Жұмажан Мұсабеков турнирдің ең үздік ойыншысы деп танылды. Полиция Департаментінің ұжымын құттықтаған Серік Жұманғалиұлы қызметкерлердің турнирге дайындықтарын жоғары бағалап, жеңіске деген құлшыныстарын ерекше атап өтті.
Елордалық полиция Департаментінің басшысы өз кезегінде, спорттың қызметкерлердің өміріндегі маңыздылығын айта келе, келесі жылы да өздерінің аталған Кубокқа ерекше дайындалатындарын жеткізді.