Серік Сәпиев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі болды

661

Мемлекет қайраткері, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен "Әділдік жолы" РҚБ атқарушы директоры Д. Смағұлов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Серік Сәпиев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі болды

"Мен қоғамдық кеңеске пайда әкелетініме сенімдімін, өйткені менің азаматтық ұстанымым бар. Мен елдің қарапайым азаматы ретінде адал мемлекетте, сыбайлас жемқорлықсыз, әділ мемлекетте өмір сүргім келеді ... Менің жұмыс тәжірибем, менің ұстанымым мемлекетімізді дамытуға және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, атап айтқанда, қоғамдық кеңеске ел игілігі үшін пайда әкелуге мүмкіндік береді деп ойлаймын", - деп атап өтті Олимпиада чемпионы С. Сапиев кеңес отырысында.

Қоғамдық кеңес мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат негізінде қабылданған Тұжырымдаманың зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталғанын атап өтті. Аталған құжат аясында алдағы уақытта жұмыстар өз жалғасын табады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу