Серік Сәпиев жүлдеден күдер үзбеуге шақырды

971

Токио Олимпиадасындағы төмен нәтиже үшін спорт түрлерінің бас бапкерлері жауапты болады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.  

Серік Сәпиев жүлдеден күдер үзбеуге шақырды

"Әр жарыстан кейін бізде талқылау, кеңейтілген жиналыс өткізіледі. Әрине, осы Олимпиададан кейін де бұл нәтиженің себептері анықталады. Содан кейін ғана қандай шаралар қабылдау керектігін шешеміз. Егер қателіктер жіберілсе немесе нәтиже болмаса, шара қабылдаймыз. Жоғарыда айтып өткенімдей, алдын ала қорытынды жасамай-ақ қояйық. Әлі басқа да спорт түрлері бар. Нашар нәтижелер үшін әр спорт бойынша бас жаттықтырушылар жауапты болады. Біз оларға дайындықты сеніп тапсырамыз. Сондықтан бас жаттықтырушылардан талап етіп, тиісті шешімдер қабылдаймыз", - деді С. Сәпиев Орталық коммуникациялар қызметінде.

"Олимпиада әлі өтіп жатыр. Спортшыларымызға қолдау көрсетейік. Біз әлі нәтиже көрсетеміз", - деп қорытындылады С. Сәпиев.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу