Серік Сәпиевпен жанжалдасқан спортшы мен оның жаттықтырушысы кешірім сұрады

1203

Оқиға Алматыда өткен Naiza 49 турнирінде болған.  

Серік Сәпиевпен жанжалдасқан спортшы мен оның жаттықтырушысы кешірім сұрады Фото: Видеодан скриншот

Sever-Yug командасының мүшесі Зелимхан Мусиханов пен оның жаттықтырушысы Александр Гольцман Naiza 49 турнирінде Серік Сәпиевпен болған арадағы жанжал үшін кешірім сұрады. Бұл бейнежазба әлеуметтік желілерде таралып жатыр, деп жазады inbusiness.kz vesti.kz порталына сілтеме жасап.

"Құрметті қазақстандықтар, жасаған ісім үшін кешірім сұраймын. Мен ережелерді бұзып, қателестім. Өз эмоцияларымды басқара алмадым. Серік Сәпиев – халқымыздың мақтанышы. Мені ойланбай жасаған әрекетім үшін кешіріңіз. Ендігәрі қайталанбайды", - деп айтты Зелимхан Мусиханов.

"Құрметті қазақстандықтар, шәкіртім кеше асығыс әрекетке жол берді. Мен де эмоцияларға бой алдырып, артық кеттім. Қателестім. Сол себепті де шәкіртім екеуміз жасаған барлық әрекет үшін кешірім сұраймын. Біз батырымызға, Олимпиада чемпионына қарап бой түзейміз, барлық спортшы, соның ішінде мен де Серік ағаны спорт, қоғам қайраткері ретінде құрметтейміз. Біздің іс-әрекетіміз чемпионымыздың беделіне зиян келтірмеуі тиіс. Біз бәріне кінәліміз. Болған жайт үшін кешірім сұраймыз", - деді Александр Гольцман.

Айта кетейік, жанжал Алматыда өткен Naiza 49 турниріндегі Batyrball ойыны барысында болған. Sever-Yug командасының мүшесі Зелимхан Мусиханов Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке қарсы күрестің бір әдісін қолданып, бұл боксшыға ұнамай қалған. Серік Сәпиев оппонентіне өзінің шағымын білдіріп, аяқ астынан екеуінің арасында жанжал басталып, төбелесе жаздаған. Ресурстың жазуынша, кейінірек жанжал киім ауыстыратын бөлмеде жалғасын тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу