Серік Шәпкенов: 1 млн 650 мың қызметкердің жалақысы өсті

4448

Бұл 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі еңбекақы мөлшерінің 60 мың теңгеге дейін ұлғайтылуымен байланысты. 

Серік Шәпкенов: 1 млн 650 мың қызметкердің жалақысы өсті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Серік Шәпкенов 2021 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады, деп жазды inbusiness.kz.

"Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Биылғы жылдың басынан бері 591 мың азаматтық қызметшінің, атап айтқанда, мәдениет, мұрағат ісі ұйымдарының қызметкерлері, оның ішінде техникалық персонал және т.б. жалақысы өсті. Өсім 2025 жылға дейін жыл сайын орта есеппен 20%-ды құрайды", – деді Серік Шәпкенов. 

Сондай-ақ спикер 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгеге дейін ұлғайтылғанын атап өтті.

"Бұл өсім 1 млн 650 мың жалдамалы қызметкердің табысына оң әсерін тигізеді", – деп нақтылады министр. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу