"Үкімет құрылымында өзгеріс бар. Мұхтар Тілеудерді Премьер-министрдің орыбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Мемлекет басшысының жарлығымен үкіметтің 2 мүшесі жаңадан тағайындалды. Олар ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов. Лауазым иелері өздеріне жүктелген маңызды міндетті жауапкершілікпен атқарады деп сенеміз. Тағайындалған министрлерден ант қабылдауд сұраймын", – деді жиында үкімет башысы Асқар Мамин.
Өз кезегінде Серік Шәпкенов пен Әсет Ерғалиев Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаны – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш жігері мен білімін жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өздерінің іс әрекетінде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елінің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант берді.
Қанат Махамбет