Серік Шәпкенов сенаторларды Әлеуметтік кодексті әзірлеу жұмыстарының барысымен хабардар етті

980

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысында депутаттарға ҚР Әлеуметтік кодексін (бұдан әрі – Кодекс) әзірлеу жұмыстарының барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы  ҚР Еңбек және халыықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Серік Шәпкенов сенаторларды Әлеуметтік кодексті әзірлеу жұмыстарының барысымен хабардар етті

Өз сөзінің басында Серік Шәпкенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Еңбекмині Әлеуметтік кодексті әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын еске салды. Парламент Мәжілісі мен Сенаты депутаттарын қоса алғанда, жүзден астам сарапшының қатысуымен жұмыс тобы құрылды, 30-дан астам заңнамалық және 150 заңға тәуелді акт зерделенді, халық пен қоғамдық бірлестіктерден 500-ге жуық ұсыныс қаралды, Кодекстің тұжырымдамасы әзірленді.

"Қазіргі уақытта қазақстандықтарға әлеуметтік қамсыздандыру шараларының кең спектрі беріледі, олар 1 Кодекспен, 16 заңмен және 100-ден астам заңға тәуелді актімен реттеледі. Жаңа кодекстің негізгі мақсаты – халық үшін олардың түсінігін жеңілдету үшін осы саладағы қолданыстағы заңнаманың барлық нормаларын бір құжатта шоғырландыру. Кодексті қабылдау нормативтік құқықтық актілерді баяндаудың бірыңғай стилін қамтамасыз етеді, бұл әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы бірқатар заңдардың 90-шы жылдардың басында қабылдануына, содан бері НҚА-ны әзірлеу тәсілдерінің айтарлықтай өзгергеніне байланысты қажет. Бұдан басқа, Кодекс шеңберінде азаматтардың әлеуметтік құқықтарын жүйелеу жүзеге асырылады – бір құжатта адам өмірінің барлық салаларында туындайтын базалық құқықтар, оның ішінде ең төменгі әлеуметтік стандарттар көрсетілетін болады", – деді министр.

ҚР Еңбекминінің басшысы Батыс Еуропаның кейбір елдерінде (Англия, Италия, Бельгия және т.б.) әлеуметтік кодекстер жоқ екенін атап өтті, бұл мұқтаж азаматтарды қамтамасыз ету деңгейінен көрінбейді. Бұл мемлекеттер халықаралық қоғамдастықтың актілерін, атап айтқанда Еуропа Кеңесінің актілерін басшылыққа алады.

Германияда, Францияда, Швецияда, Аустрияда, Үндістанда және т.б. елдерде әлеуметтік кодекстер, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру кодекстері қабылданды, сонымен бірге шет елдердің әлеуметтік кодекстерімен реттелетін мәселелер тізімі өте кең болып келеді және бірыңғай емес. Мысалы, Францияда бұл құжат жұмыссыздық мәселелерін реттемейді, ал Үндістанда – көп бөлігі Еуропа елдерінің әлеуметтік кодекстерімен реттелмейтін еңбек қатынастарына арналған.

"Халықаралық тәжірибені ескере отырып, Әлеуметтік кодексте мынадай қағидаттарды бекіту ұсынылады: мұқтаждықты ескере отырып, әлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығы мен сараланған тәсілі; әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу және ескерту; экономикалық ресурстар мен әлеуметтік саясат міндеттерінің мөлшерлестігі; мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі; әлеуметтік саясаттың инклюзивтілігі, әлеуметтік қорғаудың құпиялылығы және халықаралық стандарттарға сәйкестігі", – деп хабарлады Серік Шәпкенов.

Министрдің айтуынша, жұмыс тобы екі– жалпы және ерекше бөліктен тұратын Кодекс жасауды ұсынады.

Жалпы бөлікте мемлекет пен азамат арасындағы әлеуметтік қатынастарды олардың өзара міндеттемелерін нақты айқындай отырып, құқықтық реттеудің негіздері белгіленеді.

Ерекше бөлік әлеуметтік тәуекелдердің жекелеген түрлеріне арналған, онда оларға ден қою шаралары, әлеуметтік көмек алушылардың санаттары, төлемдердің мөлшері, оларды тағайындау шарттары мен мерзімдері айқындалатын болады. Сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік институттардың құқықтық мәртебесі регламенттелмек.

Әлеуметтік кодекстің тұжырымдамасында:

- әлеуметтік құқықтар мен кепілдіктерді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту (азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру;

мұқтаж отбасыларды әлеуметтік сүйемелдеу институтын дамыту;

\құқықтар мен кепілдіктердің қамтамасыз етілуін бақылау жөніндегі әлеуметтік инспекторларды енгізу;

халықтың әлеуметтік әл-ауқат индексін енгізу);

- азаматтарды әлеуметтік қолдауды жаңғырту (Әлеуметтік қамсыздандырудың халықаралық ең төменгі нормаларынан кем емес деңгейде әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету;

сырқаттану кезінде жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыру; әлеуметтік қызметтерді жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу;

демографиялық трендтерді ескере отырып, зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру);

- әлеуметтік стандарттарды ұсынудың интеграцияланған моделін енгізу ("Цифрлық әлеуметтік картаны" енгізу;

отбасылардың мұқтаждық жағдайынан шығуын ынталандыру;

әлеуметтік саланың бағыттары бойынша алдын алу шараларын қабылдау);

- мемлекеттік қызметтерді трансформациялау және реинжинирингтеу (өтініш беруден проактивті қызмет көрсетуге көшу; мүгедек адамдарды сырттай куәландыру;

атаулы әлеуметтік көмек көрсету процестерін автоматтандыру; "әлеуметтік әмиянды" кезең-кезеңімен енгізу);

- әлеуметтік институттарды реформалау көзделеді (зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияларды бере отырып, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры базасында Мемлекеттік әлеуметтік қор құру;

әлеуметтік саланың қаржылық ағынын шоғырландыру).

"Келешекте әлеуметтік кодексті қабылдау:

азаматтардың өздерінің әлеуметтік құқықтары мен міндеттері туралы бірыңғай білім көзін құруға; халықтың әлеуметтік әл-ауқатының автоматтандырылған мониторингін жүргізуге;

әлеуметтік құқықтар мен кепілдіктерді қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын қабылдауға;

мемлекеттік қызметтерді электрондық және проактивті форматта көрсетуге;

азаматтарымыздың әлеуметтік қорғалуы мен өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді", – деп атап өтті Серік Шәпкенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу