Серік Төленбергенов төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды

302

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.  

Серік Төленбергенов төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды Фото: primeminister.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Серік Төлеуғалиұлы Төленбергенов төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды.

1974 жылы Семей облысында дүниеге келген. Кәсіптік-техникалық училищесін, Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық техникумын, Қазақстан-Америкалық университетін, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1995 жылы жеке ұйымда бухгалтер болып бастаған.

  • 1997-1998 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Семей облысы және Өскемен қаласы бойынша басқармасының бақылаушы-ревизоры болып жұмыс істеді.
  • 2000 жылдан 2009 жылға дейін — жеке құрылымдарда.
  • 2009-2010 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бас маманы, бөлім басшысы.
  • 2010-2011 жылдары — Риддер қаласы әкімінің орынбасары.
  • 2011-2012 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.
  • 2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі болып қызмет атқарды.
  • 2013-2014 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.
  • 2016-2019 жылдары — басқарма басшысы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
  • 2019-2020 жылдары — "Бәйтерек" ҰБХ басқарма төрағасының кеңесшісі.
  • 2021-2022 жылдары жеке құрылымда жұмыс істеді.
  • 2022-2023 жылдары — коммуналдық кәсіпорын директоры, Семей қаласы мәслихатының депутаты.
  • 2023 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — Абай облысы әкімдігі Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу