Серік Жұманғарин Абай облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен кездесті

559

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Абай облысының кәсіпкерлерімен және аграршыларымен кездесті, деп жазады inbusiness.kz. 

Серік Жұманғарин Абай облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен кездесті Фото: primeminister.kz

Кездесу барысында өзекті мәселелер ортаға салынды. Мысалы, мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысатын Петр Лазарев "Лазарев и К" ЖШС-нің шаруа қожалығында жайылымдық жерлердің жетіспеуін,  ал "Новая Заря" шаруа қожалығы білікті мамандардың жоқтығын жеткізді.

"Е.Зайтенов" қожалығы өсімдік, сүтті мал шаруашылықтарымен, өнімді терең өңдеумен айналысады. Мұнда күнбағыс, бидай, арпа, сүрлемге жүгері, көпжылдық шөптер өсіріліп, шұжық пен ірімшіктің түрлері өндіріледі.

Серік Жұманғариннің сөзінше, бұл шаруашылақты кеңейте түсіп, ірімшік цехын ұлғайту маңызды. Бұдан бөлек ол "Северный" сауда-логистикалық орталығында өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесінде сатылатын өнімдердің ассортименті мен бағасымен танысты. Бұдан басқа Премьер-Министрдің орынбасары "JOLAMAN" ірі сауда-логистикалық орталығына да барды.

Ақпаратқа сәйкес, Серік Жұманғарин "Красный партизан" қожалығын, голланд технологиясы бойынша картоп, басқа да көкөніс түрлері мен жемшөп дақылдары өсірілетін "Приречное" агрофирмасын аралады.

"Мемлекеттің алдағы жылдарға арналған ауыл шаруашылығындағы мақсаты – ішкі нарық қажеттілігі толық жабылғанға дейін негізгі азық-түлік өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту, ал болашақта – экспортқа шығу", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу