Серік Жұманғарин Екібастұздағы жұмысшыларға алғысын білдірді

623

Бүгін Екібастұзда апаттан кейінгі жағдайды қалпына келтіру жұмыстарының 99%-ы аяқталады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Серік Жұманғарин Екібастұздағы жұмысшыларға алғысын білдірді Фото: Константин Шелков

"Алғашқы екі күн өте қиын болды. Өйткені, қай жерден су аққанын мамандар білген жоқ. Мұны таппаса, жағдай тіпті күрделі болар еді. Енді қазіргі жағдай толық өзгерді, ақау орындары табылды, бүгін жұмыстың 99 пайызы бітеді. Екібастұз – еңбек адамдарының, жұмыскерлердің қаласы. Тұрғындардың өздері бос отырмай, жылу жүйесін жөндеп, суын төгіп, жылытуға тырысып жатыр. Біреуі ызаланып, наразылығын білдіріп, жаман сөз айтқан жоқ. Таңғы 8-де штаб жұмысын бастап, денсаулық бағытындағы ғимараттарды араладық, біз барғанда перзентханада дүниеге сәби келді. Бұл – жақсы ырым. Өмір жалғасып жатыр. Бауы берік болсын!" - деді Серік Жұманғарин Екібастұзда өткен баспасөз конференциясында.

Премьер-Министр орынбасары апат кезінде жұмыс істеген мамандарға алғысын айтты.

"Облыс әкімі бірінші күннен бері осында жүр, қарапайым адамдар өте кәсіби жұмыс істеді. Олардың жасаған әрбір қадамы дұрыс болды, сол үшін бәріне рахмет айтқым келеді", - деді С.Жұманғарин.

Бұған дейін Серік Жұманғарин кешке дейін барлық көпқабатты үйлерге жылу берілетінін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу