Серік Жұманғарин: Еуразиялық әріптестермен бірлесіп дағдарысқа қарсы шаралар тізбесі бекітілді

513

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанның Еуразиялық әріптестермен бірлесіп дағдарысқа қарсы шаралар тізбесін бекіткенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.   

Серік Жұманғарин: Еуразиялық әріптестермен бірлесіп дағдарысқа қарсы шаралар тізбесі бекітілді Фото: baq.kz

"Ресей мен Беларуське қатысты қабылданып жатқан шектеу шараларын ескере отырып, Еуразиялық әріптестермен бірлесіп дағдарысқа қарсы шаралар тізбесі бекітілді. Нарықты қажетті азық-түлікпен жетілдіру және бағаның өсуін тежеу мақсатында импорттың 1300-ден астам тауарына кедендік баждар алынып тасталды.

Иранмен еркін сауда аймағы туралы келісім 2025 жылға дейін ұзартылды. Ол отандық экспортты 9,3 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Индонезия және Біріккен Араб Әмірлігімен келісім жасау жоспарлары бар. Мұнда бағаланатын экспорттық өсім 1 млрд доллардан асады", - деді ол ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Министрдің айтуынша, алдағы уақытта өзара тиімді кооперациялық жобалар мен көліктік-логистикалық маршруттарды дамыту міндеттері тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу