Серік Жұманғарин: Кейбір дәрі-дәрмекке 10 пайызға дейін салық салынады

225

Сонымен қатар салық салынбайтын дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімі жасалады.  

Серік Жұманғарин: Кейбір дәрі-дәрмекке 10 пайызға дейін салық салынады Фото: Librotech

Ал қалған дәрілерге 10 пайызға дейін салық болады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Басқа да бағытта дәрілер мен медициналық қызметтерге 10 пайыз ҚҚС пен 10 пайыз корпоративтік салық болса, онда бір дегенде 20 пайыз жүктеме болайын деп тұр. Енді басқа секторларды қарасақ, онда 12 пайыздан 16 пайызға сұрақ туғызып жатса, бұл жерде бірден 20 пайыз болайын деп тұр. Осыған байланысты бұл өзгеріс медициналық қызметтердің қымбаттауына әкелуге әбден ықтимал. Әлеуметтік аурулар бойынша дәрі-дәрмекке 0 пайыз деп келісіп отырсақ, басқа аурулар бойынша дәрілерді және медициналық қызметтерге 10 пайыздан 5 пайызға түсіріп, бірақ кезең кезеңмен оны өсіру мәселесіне қалай қарайсыздар?", - деп сұрады Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің сөзінше, ҚҚС тек ақылы медициналық қызметтерге салынады.

"Себебі Үкіметтік емханалар, ауруханалар және жеке медициналық мекемелердің бәсекеге қабілеттігі бірдей болуы керек. Ешқандай айырмашылық болмайды. Сіз айтқан аурулардың бәрі ТМККК мен МӘМС ішінде бар. Оларға біздің реформа ешқандай әсер етпейді. Себебі ешқандай салық салынбайды. Дәрі-дәрмектерге қатысты жағдайды білесіздер. 85 пайызы – шетелдік, импорттан келген. Бағаны біз ұстай алмаймыз. Құнының ішінде маркетинг бар, жарнама бар, олар қоса береді. Біз оларды тоқтата алмаймыз. Біз берген жеңілдіктер импортқа және делдалдарға кетеді. Сол себепті осы дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін жасаймыз, оған ешқандай салық қоймаймыз. Қалғандарына 10 пайызға дейін салық болады", - деді Премьер-министрдің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу