Ол Үкімет отырысында қосылған құн салығын саралап реттеудің басты жаңашылдықтарын таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Бүгінде кәсіпорындардың тек 4 пайызы ғана қосылған құн салығын төлеп отыр. Көптеген компания салықтан жалтару үшін саналы түрде бизнесін бытыратып тастаған. Бұл салық жүйесін бүлдіріп, ҚҚС-ті қалыпты есептеуге кедергі келтіреді. Сондықтан ҚҚС есебіне алудың ең төменгі шегін 80 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынамыз, – деді ол.
ҚҚС мөлшерлемесін салалар бойынша саралаумен 12%-дан 16%-ға дейін ұлғайту, арнаулы салық режимдерін реформалау жайына тоқталды.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласы үшін 10% төмендетілген мөлшерлеме ұсынылады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші заңды тұлғалар бюджетке төлеуге тиісті ҚҚС-ның 30%-ын төлейтін еді. Енді олар мұны төлемейтін болады.