Серік Жұманғарин: McDonald's желісін қайта құрылымдау жұмыстары жүріп жатыр

Желі өнімдерінің 1000-ға жуық түрі сырттан импортталып келген. 

Серік Жұманғарин: McDonald's желісін қайта құрылымдау жұмыстары жүріп жатыр Фото: kartinkin.net

Үкімет отырысынан кейін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин журналистердің McDonald's желісінің жабылуына қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Барлық ақпаратты айта алмаймын, өйткені оны бас кеңсе мақұлдаған жоқ, бірақ өнімнің басым бөлігі - 1000-ға жуық түрі сырттан импортталған. Әрине, елімізде де өндірілген тауарлар қолданылған. Мәселен, тоқаш. Сондықтан қайта құрылымдау процесі жүріп жатыр. Әзірге біз басшылығынан Сауда министрлігінен қандай көмек қажет екенін сұрадық. Техникалық реттеу комитетіне осы бағытта жұмыс жүргізуді тапсырдым", – деді спикер.

Бұл ретте тілшілер желінің Қайрат Боранбаевқа қатысы туралы сұрады.

"Ол акционер, оның айтарлықтай ықпалы жоқ", – деп түйіндеді Жұманғарин.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу