Серік Жұманғарин мен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға барды

491

Қазіргі уақытта Екібастұздағы ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр.

Серік Жұманғарин мен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға барды

ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға барды, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкіметтің Telegram каналына сілтеме жасап .

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов – апат орнында.

Үкімет мүшелерінің міндеттері – апаттың себептерін анықтап, зардап шеккен тұрғындардың бірінші кезектегі мәселелерін шешу. Төтенше жағдай салдарын жедел жою барысы бақылауға алынды.

Қазіргі уақытта ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істейді. 143 көп қабатты және 132 жеке үйге, сондай-ақ 13 әлеуметтік нысанға жылу қайта қосылды. 21 учаскенің 20-сында жөндеу жұмыстары аяқталды. Проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында үй аралау шарасы жалғасып жатыр. Қалада азаматтар үшін 14 жылыту пункті жасақталған.

Еске сала кетсек, 27 қараша күні түнде, сағат 01:20 шамасында, Екібастұз ЖЭО-да қазандық істен шығып, он минуттан кейін тағы үшеуі тоқтаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу