Серік Жұманғарин тағы бір қызметке тағайындалды

658

Ашық НҚА порталында Президент жарлығының жобасы жарияланды.

Серік Жұманғарин тағы бір қызметке тағайындалды Фото: primeminister.kz

Ашық НҚА порталында ҚР премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғаринді Қазақстан Республикасынан Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының басқарушылар кеңесінің өкілі етіп тағайындау жөнінде президент жарлығының жобасы жарияланды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Еске салайық, қазан айында өткен Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. Келісім 2022 жылдың 20 қазанында Ереванда бекітілген болатын. 

Сондай-ақ, Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, Сауда және интеграция министрлiгi Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясымен өзара iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша байланыс жасайтын ресми орган ретiнде белгiленсе, сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев ЕҚСК Директорлар кеңесіндегі Қазақстанның өкілі болып тағайындалады.

Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы келесі функцияларды орындайды:

  • қайта сақтандыруды және экспорттық кредиттерді қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
  • мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің экспорттық кредиттік агенттіктерімен, сақтандырушыларымен және қайта сақтандырушыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  • қатысушы мемлекеттерде тәуекелдерді қайта сақтандыру кезінде тәуекелдерге бағалау жүргізуге, тәуекелдерді барынша азайтуға және шығындарды реттеуге жәрдемдесу;
  • қайта сақтандыру саласында маркетингтік зерттеулерді, консультациялық, зерттеушілік және ағартушылық қызмет.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу