Серік Жұманғарин ҰЭМ вице-министрі қызметіне тағайындалды

811

Серік Жұманғарин ҰЭМ вице-министрі қызметіне тағайындалды

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов министрлік ұжымына жаңа вице-министр Серік Жұманғаринді таныстырды.

Бұл тағайындауға дейін Серік Жұманғарин екі жылдан астам ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетін басқарды.

Мекеме басшысы Серік Жұманғаринді қызметімен құттықтап, оның жинаған тәжірибесін жаңа лауазымдағы жұмысында тиімді қолданатынына сенім білдірді.

Жұманғарин әр жылдарда экономикалық даму және сауда министрлігі өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті директоры болып жұмыс істеді, өңірлік даму комитетінің төрағасы лауазымын атқарды, республиканың Өңірлік даму министрінің орынбасары болды.

Айдар Әріпханов ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды. Мекеме басшысы үкімет атынан Әріпхановқа жұмысы үшін шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы үлесін жоғары бағалай отырып, алғыс айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу