Серік Жұманғарин Wildberries басшысы Татьяна Бакальчукпен кездесті

477

Бұл - вице-премьердің Ресейдің ірі маркетплейсінің өкілімен екінші рет кездесуі. Бұған дейін Мәскеуде С.Жұманғарин Т.Бакальчукпен Қазақстандағы электрондық алаңды кеңейту мүмкіндіктерін талқылаған болатын.    

Серік Жұманғарин Wildberries басшысы Татьяна Бакальчукпен кездесті Фото: primeminister.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Wildberries бас директоры Татьяна Бакальчукпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші кездесуден кейін Алматыда жүкті қоймаға жинауға және сақтауға мүмкіндік беретін логистикалық орталық салу бойынша инвестициялық жоба басталды. Жер учаскелері мен қойма орнын жалға алу мүмкіндіктерін талқылау үшін Астана әкімдігімен кездесу өткізілді.

Т.Бакальчуктің айтуынша, компанияның Астана және Алматымен қатар, Қазақстанның басқа өңірлерінде даму бойынша үлкен жоспарлары бар.

"Біз желіні Қазақстанның ең шалғай өңірлерінде дамытуға мүдделіміз. Қазір Wildberries-те сатушы көп екенін көріп отырмыз, соның ішінде біздің сайт арқылы әйелдер тауар сатып, табыс табуда", - деді ол.

"Қазпошта" АҚ деректері бойынша 2021 жылы электрондық сауда нарығының көлемі 1 286,8 млрд теңгені құрады, бұл бөлшек сауданың жалпы көлемінің 9,6%-ын құрайды. 2022 жылдың 9 айында B2C (business-to-consumer) электрондық сауда нарығының көлемі 806,9 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар 2021 жылдың қорытындысы бойынша Wildberries платформасындағы айналым 60,7 млрд теңгені құрады. 2022 жылдың 9 айында 6 749 жеткізуші тіркелді, қазақстандық кәсіпкерлердің тауарларын сату көлемі 46,2 млрд теңгеден асты. Қазақстан аумағындағы Wildberries-тің жалпы көлемі – 92,4 млрд теңге, бұл Қазақстандағы электрондық сауданың жалпы көлемінің 11,4%-ын құрайды (өсім 2021 жылмен салыстырғанда 52%-ды құрады).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу