Серік Жұманғарин жаңа қызметке тағайындалды

1293

Серік Жұманғарин Еуразия экономикалық комиссиясы алқасының жаңа мүшесі (министрі) болып тағайындалды.

Серік Жұманғарин жаңа қызметке тағайындалды

Серік Жұманғарин Еуразия экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарында антимонополиялық реттеу және бәсекелестік мәселелерін қадағалайтын болады. Ол Комиссиядағы бұл қызметке Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасынң орынбасары болып ауысқан Марат Құсайыновтың орнына барды. Бұл туралы ЕЭК-тің ресми сайтында хабарланды.

ЕЭК-тің жаңа министрі еліміздің мемлекеттік органдарында басшылық қызметтерде тәжірибе жинақтаған. Ол 2013-2014 жылдары ҚР аймақтық даму вице-министрі; 2014-2017 жылдары ҚР ұлттық эконоика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы; 2017-2019 жылдар ҚР ұлттық экономика вице-министрі лауазымдарын атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу