Серікәли Мұқатаев Экология вице-министрі қызметіне тағайындалды

497

ҚР Үкіметінің қаулысымен Мұқатаев Серікәли Мұхаметкәрімұлы Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серікәли Мұқатаев Экология вице-министрі қызметіне тағайындалды

Серікәли Мұқатаев 1964 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтын бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Сарқан қаласының №55 жылжымалы механикаландырылған колоннаның шебері болып бастады, онда 1997 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

1997-2000 жылдары жеке ұйымда жұмыс істеді.

2000-2003 жылдары – Сарқан аудандық әкімдігінің мәдениет бөлімінің бас маманы.

2003 жылы Сарқан ауданы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы болды.

2005-2010 жылдары – Сарқан ауданы әкімі аппараты құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы.

2010-2020 жылдары – ҚР АШМ Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясында басшылық қызметтерді атқарды.

2020 жылғы наурыз-сәуірде – ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары.

2020 жылғы сәуір-шілде аралығында – ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитеті "Қазсушар" РМК-ның "Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы" филиалы директорының орынбасары.

2020 жылдың шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитеті "Қазсушар" РМК-ның "Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы" филиалының директоры болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу