Серікбай Трұмов ресейлік дәрігерлерді арнайы чартермен алдырмақшы

812

Маңғыстау облысына Ресей мен Грузия дәрігерлері шақырылып жатыр.

Серікбай Трұмов ресейлік дәрігерлерді арнайы чартермен алдырмақшы

Маңғыстау облысына 500 дәрігер жетіспейді. Облыс әкімі Серікбай Трұмов аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды баяндай келіп, осындай проблеманы көтерді.

"Ауру барлық жерге тарағандықтан бізге 500-ге жуық дәрігер жетіспейді. Оның бір бөлігін медицина мамандығын меңгеріп жатқан студенттермен толтырмақпыз. Биыл 77 студент дипломын алады. Бұдан бөлек Ресейден Қазақстанға келген дәрігердің ішінен 5 маман сұрап отырмыз. Министрлікпен келіссөз жүріп жатыр. Ол да көмек болар еді. Қосымша Мәскеуге де шығып жатырмыз. Ол жақтан 11 дәрігер келуге дайын. Мәскеуден Ақтауға тікелей ұшақ ұшпайтындықтан, арнайы чартерлік рейспен алдырмақшымыз. "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясы қолдау көрсетеді. Грузиядан да елшілік арқылы дәрігер шақыртпақпыз", – деді әкім.

Есжан Ботақара
Фото: news.kaznmu.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу