Серікбай Трұмов Сенаттың тұрақты комитетіне сайланды

896

Мемлекет басшысының жарлығымен сенат депутаты болып тағайындалған Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Серікбай Трұмов ант қабылдады. 

Серікбай Трұмов Сенаттың тұрақты комитетіне сайланды

"Серікбай Өтелгенұлы жұмысшыдан басталған еңбек жолында Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы, қала, облыс әкімі сияқты жауапты қызметтерді атқарып, туған өңірінің өсіп өркендеуіне зор еңбек сіңірді. Енді, біздің қатарамызға қосылып отыр. Серікбай Өтелгенұлы, сізді сенатор болып тағайындалуыңызбен құттықтаймыз. Депутаттық қызметіңізге табыс тілейміз", – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Ант қабылдағаннан кейін Серікбай Трұмов сенаттың аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту комитетіне сайланды. 

Серікбай Трұмов 1964 жылы 3 маусымда Гурьев облысы Форт-Шевченко қаласында туған.

1992 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген. Бір ауданда екі рет әкім болған.

2004-2006 жылдары – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі.

2006-2008 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

2008-2012 жылдары – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі.

2012-2015 жылдары – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі.

2015-2017 жылдары – Ақтау қаласының әкімі.

2017 жылы қараша айында VI сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.

2019 ж. маусым айынан 2021 ж. 7 қыркүйекке дейін Маңғыстау облысының әкімі болды.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу