Серікбай Тұрымов: Малға жем алуға қаражатымыз жеткілікті

981

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымовтың айтуынша, қуаңшылықтан шығу үшін 3,4 млрд теңгеге жем сатылып алынады, деп хабарлайды Inbusiness.kz. 

Серікбай Тұрымов: Малға жем алуға қаражатымыз жеткілікті

"Жалпы облысқа қыс мезгіліне норматив бойынша 53 мың тонна жем қажет. Бүгінгі күні оның 19 мың тоннасы өзге облыстардан тасымалданды. Қалған 34 мың тонна жемді сатып алуға толық қаражатымыз бар (3,4 млрд теңге). Бұл ретте, СПК "Каспий" арқылы арнайы операторлар белгіленеді. Осыған орай, "Келісім шарт азық-түлік корпорациясы" АҚ арқылы  өзге облыстардан халыққа қолайлы бағамен 34 мың тонна жем 3,4 млрд. теңгеге дайындап беруді сұраймын", – деді өңір басшысы.

Үкімет резервінен Маңғыстау өңірінің малдың аналық басы үшін мал азығына жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге 1,9 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлген. Қазіргі таңда бөлінген қаражат бойынша 2 800-ге жуық жеке қосалқы үй шаруа қожалықтарына 350 млн теңге және 93 шаруа қожалығына 80 млн теңге қаржылай мемлекеттік қолдау көрсетілген. Қалған қаражат қазан айына дейін толықтай таратылады.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу