Серікқали Брекешев KAZENERGY қауымдастығының жаңа төрағасы болып сайланды

358

Бұл туралы қауымдастықтың баспасөз қызметі хабарлады.  

Серікқали Брекешев KAZENERGY қауымдастығының жаңа төрағасы болып сайланды Фото: primeminister.kz

KAZENERGY қауымдастығының жаңа төрағасы болып мұнай-газ саласы мен мемлекеттік қызметте көп жылдық тәжірибесі бар Серікқали Брекешев сайланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жалпы жиналысқа қатысушылар оның басшылығымен қауымдастық саланың ортақ мүддесін қорғау, мемлекет пен бизнес арасындағы диалогты дамыту және Қазақстанның энергетика кешенінің әлеуетін нығайту бағытындағы жұмысын жүйелі түрде жалғастыратынына сенім білдірді.

Болат Ақшолақов KAZENERGY қауымдастығын 2025 жылдың ақпан айынан бері басқарды.

Жиналыс барысында оның жетекшілігі кезеңінде қауымдастық мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың жетекші салалық алаңы ретіндегі мәртебесін нығайтқаны атап өтілді.

Сондай-ақ Қазақстанның халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға және салық пен реттеу реформалары, жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру аясында мұнай-газ және энергетика кешенінің мүддесін жүйелі түрде қорғауға үлес қосқаны айтылды.

Еліміздің жетекші энергетикалық компанияларының басшылары Болат Ақшолақовқа бірлескен жұмыс пен KAZENERGY қауымдастығын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Олар оның кәсіби тәжірибесі мен саланы терең меңгеруі Атырау облысының әкімі қызметінде де Қазақстанның мұнай-газ кешенін дамытуға елеулі үлес қосуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу