2019 жылғы 10 наурызда ұлттық алауыздықты қоздырды деген күдікпен Қазақстан азаматы Бияш Серікжан ұсталды, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.
"Бұған негіз болған Бияш Серікжанның 2019 жылғы 8 ақпанда Алматы қаласында еске алу іс-шарасы кезінде ашық түрде айтылған этникалық қытайлықтарға қарсы "жиһадқа" – соғысқа шақыруы", – делінген хабарламада.
2019 жылғы 21 қаңтарда жергілікті тұрғын арыз беріп, ол бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабаның 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу өндірісі басталған.
"Бияш Серікжанның сөзінде ұлттық алауыздықты қоздыруға шақырудың болғаны политологиялық сараптаманың №499
2019 жылғы 5 наурыздағы қортындысымен, әлеуметтік желіден алынған бейнежазбалармен, куәгерлердің жауаптарымен және басқа құжаттармен расталып отыр", – дейді прокуратурадан.
Бүгін, 2019 жылғы 11 наурызда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен Бияш Серікжанға қатысты 2 айға "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Сотқа дейінгі өндіріс жалғастырылуда.