Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов осылай дабыл қақты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Тұрақты жұмыс пен тұрғын үй мәселесі әлі күнге дейін шешімін таппаған. Ең өкініштісі, бағдарлама түлектерінің тек төрттен бір бөлігі білім алған аймақтарында тұрақтамаған", – деді депутат.
Осыған қарамастан білім және ғылым министрлігі бағдарлама аясында 2021-2023 жылдарға қомақты қаржы қарастырып қойған.
"Павлодар қаласында 2018 жылы оқуға түскен студенттердің 70%-ы оңтүстік аймаққа қайта оралған...", – деді Мәди Ахметов.
Сөз арасында ол осыдан 10 күн бұрын Солтүстік Қазақстан облысына барғанын баяндады.
"Серпін-2050" бағдарламасы бойынша М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін биыл бітірген 237 түлектің 31-і ғана тұрақты жұмыспен қамтылған. Қалған мамандар мемлекеттің қолдауынан тыс қалып отыр. Сонда келесі жылы бітіретін 342 жас маманның тағдыры не болады?" –деді депутат.
Қанат Махамбет