Сертификат беру мерзімі 3 күннен 3 сағатқа қысқарды

642

Түркістан облысының өкілі дабыл қақты.  

Сертификат беру мерзімі 3 күннен 3 сағатқа қысқарды

Үкімет басшысы Асқар Маминнің өңірлердегі бизнес субьктілердің іскерлік белсенділігін қалпына келтіру мәселесі бойынша өткізген селекторлық кеңесінде Түркістан облысының дихандары биыл бау-бақша өнімдерін өткізе алмай, шығынға ұшыраулары мүмкін екенін айтты. 

"Хан Тәңірі" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының директоры Бекен Белкешов осыған дейін Түркістан облысында қырыққабатқа қатысты мәселе болғанын, коронавирустың кесірінен Ресей, Беларусь, Украина қырыққабатты сатып алудан бас тартқанын, сатылмаған өнімнің дені шіріп кеткенін еске салды. 

Оның сөзінше, мәселе үкіметте көтеріліп, іске сауда және интеграция министрлігі мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы араласқаннан кейін ғана шешілген. Дегенмен оған дейін мыңдаған тонна өнім ысырап болып, шаруалар кірістен қағылған. 

"Алдағы 10-15 күнде қарбыз бен қауын піседі. Бүгінгі таңда Түркістан облысының 500 шаруа қожалығы 4,5 мың гектар жерге дәл осы жеміс түрлерін егеді. Алдын ала жасалған болжам бойынша, алғашқы өнім 25 мың Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тоннаны құрайды. Мұның барлығын экспортқа шығарылуға тиіс. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2020 жылғы 11 мамырдағы шешіміне сәйкес, халықаралық жүк тасымалымен айналысатын 2 көлік жүргізушісі ғана шекарадан өте алады. Ал кәсіпкерге, яғни үшінші адамға мұндай рұқсат берілмеген. Заң бойынша экспорттық тауардың иесі шет мемлекетте тауарын өзі өткізуі керек", – деді Бекен Белкешов. 

Кәсіпкердің мәселесіне ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ортақтасты. Ол бұл сұраққа ұлттық қауіпсіздік комитетінің санитарлық қызметі нақты жауап беретінін айтты. 

"Тез бүлінетін ауыл шаруашылығы өнімдеріне берілетін сертификат мерзімі 3 күннен 3 сағатқа қысқарды. Шаруалар мен дихандарды барынша қолдауға тырысып жатырмыз. Сіз көтерген мәселе де назардан тыс қалмайды", – деді министр кәсіпкерге бағыттаған сөзінде. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу