Сервистік полиция пилоттық жобасының екінші кезеңі басталды

651

 Бас қалада сервистік полиция пилоттық жобасының екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Сервистік полиция пилоттық жобасының екінші кезеңі басталды

Бағдарлама енді Алматыдан бөлек Сарыарқа ауданында да іске асырылады. Бұл туралы Еуропалық одақ пен Біріккен ұлттар ұйымы өкілдері және еліміздің жауапты органдары бас қосқан жиында айтылды. Басты мақсат құқық бұзушылықтың алдын алып, полиция мен халық арасындағы кері байланысты арттыру.

Қала әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, жобаның арқасында 1 жылда учаскелік инспекторларды тану деңгейі 3 есе артқан. Пилоттық бағдарламаға 40-қа жуық полиция қызметкері қатысыпты. Алдағы уақытта халықаралық тәжірбиеге сүйенген жобаны Қазақстанның барлық өңірінде енгізу жоспарда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу