"СЭС" қайта сесті органға айналады

848

Бас санитарлық дәрігердің пәрмені күшеймек.

"СЭС" қайта сесті органға айналады

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев санитарлық-эпидемиологяилық қадағалаудың ескі жүйесін қалпына келтурді тапсырды. Оның пайымынша, саладағы соңғы реформалар бақылауды бәсеңсітіп, ұлт саулығына сызат түсре бастаған.

"Биологиялық қауіпсіздік барлық елдердің ұлттық қауіпсіздігінің маңызды бөлігіне айналды. Мен бұған дейін коронавирустың қайта өршуі мүмкін екенін айттым. Жағдайды ел аумағындағы және шекаралас мемлекеттердегі өзге де аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары ушықтырып тұр.  Кейір тізбексіз реформалар мен қайта құрылымдау туралы шешімдердің қабылдануы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мен инфекциялық бақылау жүйесінің жұмысын әлсіретті. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейтіп, институциялау қажет. Өзінің тиімділігін дәлелдеген модельге оралатын кез жетті. Осыған байланысты қазірдің өзінде  жаңа комитет құру бойынша жұмыстар басталып кетті.  Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің мәртебесі мен өкілеті артады. Бұл реформаны өмірдің өзі әкеліп отыр.  Осы қызметтің мамандарын әлеуметтік тұрғыда қорғау мен дайындау жүйесі қайта қаралады.  Сонымен бірге инфекциялық арулармен күресте өзге елдермен әріптестік орнату жұмыстарын жалғастырған жөн", – деді Президент.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу