Сеул мен Пхеньян байланыс каналын қалпына келтіреді

575

2020 жылдың жазында екі ел арасындағы қарым-қатынас нашарлап кеткен еді.

Сеул мен Пхеньян байланыс каналын қалпына келтіреді

КХДР мен Оңтүстік Корея байланыс желілерін қалпына келтіреді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Оңтүстік Корея президентінің әкімшілігіне сілтеме жасап.

Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Ин мен Корей Халық Демократиялық республикасының басшысы Ким Чен Ын Сеул мен Пхеньян арасындағы трансшекаралық тікелей байланыс желісінің жұмысын жандандыруға және екіжақты қатынастарды нығайтуға уағдаласты.

Осы жылдың сәуір айынан бастап мемлекет басшылары бірнеше рет хат алмасты. Осының арқасында байланыс каналын қалпына келтіру туралы келісімге қол жеткізген. 
2020 жылдың жазында екі ел арасындағы қарым-қатынас нашарлап кеткен еді. Ол кезде Оңтүстік Кореядағы антипхеньяндық белсенділер Солтүстік Кореяға үгіт-насихат парақшалары мен материалдарын жіберген болатын.Содан кейін қос ел арасындағы барлық байланыс желілері, соның ішінде әскери каналдар мен басшылық арасындағы арнайы желі толықтай үзілді. 2020 жылдың 16 маусымында Солтүстік Корея Кэсон өнеркәсіптік кешеніндегі үйлестіру бюросын жарып жіберді. Сол уақыттан бері Сеул мен Пхеньян қарым-қатынасы шиеленісе түскен болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу