Сеул Пхеньянды 2022 жылы ынтымақтастықты жандандыруға шақырды

1037

Солтүстік Кореяда желтоқсанның соңында елдегі билеуші Еңбек партиясының кезекті пленумы өтеді.

Сеул Пхеньянды 2022 жылы ынтымақтастықты жандандыруға шақырды

Оңтүстік Кореяның бірлестік министрлігі Солтүстік Кореяны 2022 жылда диалог орнатып, ынтымақтастықты жандандыруға шақырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz ведомство өкілі Ли Чжон Чжудың мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, Солтүстік Кореяда желтоқсанның соңында елдегі билеуші Еңбек партиясының кезекті пленумы өтеді. Жиында 2022 жылдың жоспарлары талқыланып, бірқатар шешім қабылданады. Ел басшысы Ким Чен Ынның қатысуымен өтетін отырыс әдетте 4 күнге созылуы мүмкін. 

Ли Чжон Чжу ресми Сеулдің бұл жиынды мұқият бақылайтынын айтты. Өтйкені пленум барысында қос ел арасындағы қатынастар мен ядролық келіссөздерге қатысты бірқатар мәлімдеме жасалады.  

Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынас 2019 жылы тоқтап қалды.

Нақтырақ айтқанда, Сеул АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының саммитін Ханойда өткізуге атсалысқан еді. Бірақ саммит нәтижелі болмай шықты. Содан бері Пхеньян Сеулдің ынтымақтастықты қалпына келтіруге қатысты барлық ұсыныстарын қабылдамай келеді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу