Сеулде қазақ-корей дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

625

Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған арнайы кездесу өтті. 

Сеулде қазақ-корей дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті Фото: gov.kz

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның Елшілігінде Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға зерттеу орталықтарының басшылары, жетекші сарапшылар, академиялық топтар мен БАҚ өкілдері қатысқан, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстан Елшісі Бақыт Дүйсенбаев өз сөзінде екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың 30 жылындағы негізгі жетістіктер туралы айтып берді. Сондай-ақ, екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту үшін берік негіз болып табылатын екі халық арасындағы мәдениеттердің терең тарихи байланыстары мен жақындығын ерекше атап өтті.

Оның дерегінше, 2022 жылдың 11 айында екі ел арасындағы тауар айналымы 5,8 млрд АҚШ долларын құраған. Сондай-ақ, Оңтүстік Корея Қазақстан экономикасына инвестиция құйған мемлекеттердің тізімінде 8-ші орында тұр. Соңғы 17 жылда Кореядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны шамамен 7,5 млрд АҚШ долларды құрады.
Іс-шара қонақтары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің динамикасына жоғары баға берді және қазақ-корей ынтымақтастығының жаңа бағыттарын ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу