Сеулде Ляньюнган портында жүк базасын қалыптастыруда Жібек жолының мүмкіндіктері таныстырылды

1049

Сеулде Ляньюнган портында жүк базасын қалыптастыруда Жібек жолының мүмкіндіктері таныстырылды

Сеулде Ляньюнган портында жүк базасын қалыптастыру бойынша Жібек жолы бағытының мүмкіндіктері таныстырылды7

Сеул қаласында Қазақстанның "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА құрлық порты мен Қытайдың Ляньюнган порты арқылы Жібек жолы бағытының құрлықтық тасымалдау мүмкіндігі және дамуы талқыланды, деп хабарлады "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Таныстыру шарасын "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ компаниялар тобының логистикалық блогы  өкілдері өткізді. Оған Ляньюнган портындағы қазақ-қытай бірлескен терминалының басшылары, Ляньюнган теңіз порты әкімшілігінің логистика және контейнерлеу жөніндегі вице-президент Чжан Цзыян, DP World компания мамандары қатысты.

 Іс-шарада Оңтүстік Корея қоғамдастығының өкілдері, яғни жер, көлік және теңіз министрлігі, теміржол корпорациялары – KORAIL, HYUNDAI, KIA Motors, LG, Lotte, SJ Logistics Group мен басқа да машина жасайтын, сауда-логистикалық ірі компаниялар қатысты.

Логистикалық бизнестің экспорттаушылары мен уәкілдері Қазақстан мен оның   серіктестіктерінің логистикалық жүйесін тарту арқылы Жаңа Жібек жолы бағытында тасымалдаудың бәсекелестік артықшылықтары мен перспективалары жайында хабарланды.  

 "Ляньюнган портындағы қазақ-қытай терминалы мен "Қорғас-шығыс қақпасы" АЭА көлік-логистикалық инфрақұрылымы  Қазақстан арқылы Еуразияның рі нүктелерін біріктіретін, көлік-логистикалық тізбектерді ұйымдастырудағы жүк айналымын ңығайтатын орталықтар ретінде таныстырылады" - деді өзінің сөзінде "KTZ Express" АҚ атқарушы директоры Сергей Анашкин.

Қатысушылар Қазақстан мен Қытай логистикалық инфрақұрылымы арқылы Жібек жолының логистикалық мүмкіндіктерін пайдалану өз тауарларын Еуропа, Түркия, Иран және де Орталық Азия елдеріне тасымалдау мүмкіндігіне қызығушылық білдірді.

 Сонымен қатар семинар аясында екі жақты келіссөздер ұйымдастырылып, осы бағыттағы логистикалық сервисті анықтау мен оны дамыту бойынша бітімге келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу