Сеулде Оңтүстік Корея, Қытай және Жапония басшылары кездеседі

195

Оңтүстік Корея-Қытай-Жапония үшжақты саммиті жексенбі күні Сеулде COVID-19 пандемиясына байланысты үзілістен кейін басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сеулде Оңтүстік Корея, Қытай және Жапония басшылары кездеседі Фото: NHK

Жексенбі күні Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёл Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен және Жапония премьер-министрі Фумио Кисидамен екіжақты келіссөздер жүргізеді. Дүйсенбі күні Сеулде Оңтүстік Корея, Қытай және Жапония басшыларының кездесуі өтеді. 

Ли Цянмен екіжақты келіссөздер барысында Юн Сок Ёль Қытай мен Оңтүстік Корея арасындағы стратегиялық байланыстарды дамыту және экономикалық ынтымақтастық пен сауданы кеңейту жолдарын талқылайды деп күтілуде. 

Саммиттің күн тәртібінде ынтымақтастықтың алты бағыты бар: экономика және сауда, тұрақты даму, денсаулық сақтау, ғылым мен технология, табиғи апаттарды басқару және қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамдар арасындағы алмасу мәселелері. 

Оңтүстік Корея-Қытай-Жапония форматындағы алдыңғы үшжақты саммит 2019 жылы желтоқсанда өткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу