Сеулде пандемияның үшінші толқыны басталды

829

Соңғы тәулікте осы шаһарда вирус жұқтырудың 218 фактісі тіркелген.

Сеулде пандемияның үшінші толқыны басталды

Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында коронавирус індетінің үшінші толқыны басталды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі мәлім етті.

Ведомство дерегінше, соңғы тәулікте осы шаһарда вирус жұқтырудың 218 фактісі тіркелген. Бұл тамыз айынан бергі ең жоғарғыш көрсеткіш дейді мамандар. Осы орайда жергілікті билік халықты әлеуметтік ара-қашықтықты дұрыстап сақтауға үндемек.

Ел премьер-министрі Чон Се Гон тұрғындарға қоғамдық шараларды ұйымдастырмауға, жаңа жылдық кештерден бас тартуға, компания басшыларына қызметкерлердің басым бөлігін онлайнға көшіруге, сонымен қатар 60 жастан жасқан азаматтарға сыртта жүру уақытын азайтуға кеңес берді.

Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметі бойынша, бұл елде коронавирус жұқтырғандардың саны 30 мыңнан асқан. Осы күнге дейін дерттен 501 адам қайтыс болды. 

Табиғат Нұрболат

Фото: pixabay.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу