"Северное сияние" тұрғын үй кешенінің №1 кіреберісі карантинге жабылды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Кіреберіс қоршалды, полиция қызметкерлері кезекшілік етіп жатыр. Тұрғындарға жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне ғана шығуға болады. Қалған жағдайда үйден шығуға қатаң тыйым салынады. Дәрі-дәрмектерді тек тапсырыспен алуға болады. Тұрғындар үй карантинінде",– дейді әкімдіктен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу