Сезімтал тауарлар импортына импорттық баждар нөлденді

1059

Шешім 2020 жылғы 30 маусымға дейін қолданылады және қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін.  

Сезімтал тауарлар импортына импорттық баждар нөлденді

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер көкөністерге, жармаға, балалар тамағына, дәрілік заттар мен оларды өндіруге арналған шикізаттарға, COVID-2019 коронавирусының алдын алу және емдеу үшін қажетті медициналық бұйымдар мен медициналық мақсаттағы жабдықтарға импорттық баж салығын нөлдеу бойынша қазақстандық ұсыныстарды қолдады.

Кедендік баждардың төмендеуі картоп, пияз, сарымсақ, қырыққабат, сәбіз, бұрыш, қара бидай, ұзын дәнді күріш, қарақұмық, қарақұмық жармасы, ерте жастағы балаларға арналған дайын тамақ өнімдері, емшек сүтін алмастырғыштарды өндіруге арналған негіздер, балаларға арналған шырындарды, олардың бағасының өсуіне және тапшылықтың пайда болуына жол бермеу мақсатында импорттау кезіндегі шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. Шешім 2020 жылғы 30 маусымға дейін қолданылады және қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін.

"Бұл ішкі нарықты пияз, картоп, бұрыш, сәбіз сияқты маусымдық көкөністермен, сондай-ақ жарма өнімдері мен балалар тағамымен қанықтыруға бағытталған уақытша, қысқа мерзімді шаралар, оларды қолданудан отандық өндірушілерге теріс әсері болмайды",– деп түсіндірді Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін коронавирустық инфекцияның алдын алу және емдеу үшін қажет дәрілік заттар мен оларды өндіруге арналған шикізаттың кейбір түрлеріне, медициналық бұйымдар мен медициналық жабдықтарға қатысты нөлдік баж қолданылатын болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу